Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.